Мәзір
Басты бет Қабылдауға жазылу Кіру
Ақпарат

Тарих

1997 жылғы 14 шілде

Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңы қабылданды

Заң Қазақстан Республикасындағы жаңа нотариаттық жүйені қалыптастырып, жеке нотариустың ерекше заңгерлік кәсіп ретіндегі мәртебесін айқындады.

1998 жылғы 25 сәуір

Алғашқы лицензиялар берілді

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына алғашқы лицензиялар берілді.

1998-1999 жылдар

Аумақтық нотариаттық палаталар құрылды

Республиканың облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында аумақтық нотариаттық палаталар құрылды.

2000 жылғы 18 ақпан

Республикалық нотариаттық палата құрылды

I Құрылтай съезінде аумақтық нотариаттық палаталар өкілдері Республикалық нотариаттық палатаны құру туралы шешім қабылдады.