Астана қаласының нотариусы, Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы.
Оның 30 жылдық заң өтілі бар, оның ішінде 23 жыл — нотариат саласында. 2002 жылдан бастап Астана қаласының жеке нотариус қызметін жүзеге асырады.
1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітіріп, 2017 жылы Азаматтық құқық магистрі дәрежесін алды.
2018 жылдан бастап MNU университетінің Жоғары заң мектебінде сабақ береді, РНП аккредиттелген оқытушысы болып табылады. Азаматтық құқық және Нотариат мәселелері бойынша 50-ден астам жарияланымның және 30-дан астам білім беру курстарының авторы.
2026 жылғы 23 қаңтарда РНП XIX Съезінің шешімімен Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы болып сайланды.